Қазалы. Биыл республикалық санаттағы ескерткіштерді қайта жаңғырту үшін 30 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Осы қаржыға Қазалы қаласында орналасқан Ғанибай үйі мен Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы қайта жаңғыртылатын болды.
Қазалы ауданы аумағында 5 республикалық дәрежедегі, 60 жергілікті санаттағы тарихи-мәдени ескерткіш бар. Өткен жылы бюджеттен арнайы бөлінген қаржыға олардың барлығына қорғау тақталары орнатылып, төл құжаттары жасалған болатын.