
Жаңақорған. Аудан əкімі Ғ.Əміреев Қыркеңсе, Жаңарық жəне Байкенже ауылдық округтеріндегі кездесуде тұрғындардың басты мәселелерінің бірі – ауыл ішіндегі электр желілерін жаңарту, оқушы санының көбеюіне байланысты жаңа мектеп салу туралы ұсыныстарын тыңдады.
Ал, Кейден ауылдық округінің тұрғындары «Жаңақорған – Кейден» автомобиль жолын жөндеуден өткізуді сұрады. Қазір барлық елді мекендерге тозығы жеткен электр желісі қиындық туғызып тұр. Сондықтан бұл мəселе бірінші кезекте шешілуі тиіс. Аудан басшысы Жаңарық ауылында жаңа 300 орындық мектеп құрылысы басталатынын, сонымен қатар, биыл «Жаңақорған-Кейден» автомобиль жолы толығымен асфальтталатынын жеткізді.
М.МЕРЕЙ