Жұмыссыздық алынбас қамал емес

Шиелі. Ортақшыл ауылдық округіндегі есепті кездесуде аудан әкімі Ә.Оразбекұлы жұмыссыздықты түбегейлі жою мақсатында әлі де атқарылатын тірліктерді атап өтті. 

Ауыл тұрғындары «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында мал басын көбейтуге және наубайхана жұмысын кеңейтуге Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 15 млн теңге көлемінде несие алып, жұмыс жасауда.

Ауылда 25 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Есепті кездесуде Ортақшыл ауылының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Былтыр Ортақшыл елді мекенінде әкімшілік ғимараттар пайдалануға берілген. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қызылқайың елді мекенінде жаңа медициналық бекет салынған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2018 г. 482 0