Таңдағы толымды тірліктер

Жалағаш. Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев Таң ауылдық округінде халық алдында есеп берді.

Ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығы, яғни, егін егу және мал шаруашылығымен айналысады. Күріш дақылын өсіруге басымдық берілген. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Таң бөбегі» атты бөбекжай пайдалануға беріліп, 22 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, күріш ақтау цехы, құс асырау фермасы, мал сою пункттерінің құрылысын жүргізу үшін жер телімдері табысталған.

Сондай-ақ, «Таң ЛТД» ЖШС-мен мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында жаңадан спорт кешені құрылысы салынады. Бұдан басқа Таң ауылдық округіне қарасты мектепке оқушылар тасымалы үшін жаңа шағын автобус берілмек.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қаңтар 2018 г. 487 0