« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қармақшы. Аудан әкімі С.Мақашовтың есепті кездесуі Иіркөл ауылында жалғасты. Ауылдағы «Ертілеу» шаруа қожалығы мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы аясында ірі қараны көбейту және асылдандырумен айналысуда.
Сонымен бірге, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша Қазақтың қылшық жүнді асылтұқымды қошқарларын сатып алып, қойды асылдандыруда. Ал, «Рамазан» шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарламалар аясында доңғалақты трактор тіркемесімен, шөп шабатын, шөп тайлағыш ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, мал азығын дайындаумен айналысып келеді.
Есепті кездесуде ауыл тұрғындары интернет желісінің жылдамдығын арттыру, бау-бақша егуге техника жағынан көмек беру және «Балажарма» каналын тазалау ұсыныстарын айтты. Аудан әкімі наурыз айында барлық құрал-жабдықпен қамтылған трактор көлігін сатып алып беруге уәде берді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |