Ауылдарды абаттандыру жалғасады

Қазалы. Аудан әкімі М.Ергешбаев Өркендеу, Бірлік, Аранды ауылдық округтеріндегі кездесуде халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. 
Ауданның коммуналдық меншігіндегі автомобиль жолдарын жөндеуге, жарықтандыру жұмыстарына облыстық және аудандық бюджеттен қаржы қаралды. Қазалы қаласын, Ү.Түктібаев ауылын абаттандыру жұмыстарына, бұдан бөлек Басықара батырдың туғанына 260 жыл толуына орай Басықара ауылын абаттандыру мақсатында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл қаржыға жоспарланған жұмыстар жүргізілді.
Алдағы уақытта абаттандыру жұмыстарына, оның ішінде, Әйтеке би кентін, Ақсуат ауылындағы Орталық және Жастар парктерін, Қ.Пірімов ауылын абаттандыру жұмыстарына мән берілуде.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары жүзеге асырылып жатқан ізгілікті істерге ризашылықтарын білдіріп, аудан әкімінің біржылдық есебіне оң бағасын берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қаңтар 2018 г. 574 0