Ұмытылып бара жатқан өнерді ұлықтап жүр

Ұмытылып бара жатқан өнерді ұлықтап жүрЖаңақорған. Ауданның Байкенже ауылында тұратын Тұмаркүл Торғаева қазір ұмытылып бара жатқан кілемнің түр-түрін тоқумен айналысады.
«Ертеректе мал шаруашылығымен айналысқан қазақтың малдың жүнінен жіп иіріп, кілем, алаша тоқығаны баршамызға белгілі. Алайда, бүгінде мұндай дүниелерді тек мұражайлардан кореміз. Себебі, қазірде кілем тоқып отырған қыз- келіншектерді кездестіру өте қиын»,-дейді қолы қалт етсе жіп иіріп, оны түрлі түске бояп, кілемнің түр-түрін тоқумен айналысатын Тұмаркүл Торғаева. Расында да, жайсаң төсеніш, ілсең сән болатын бұл кілемдерге өзімізге қарағанда өзге шетелдік азаматтардың қызығушылығы аса жоғары. Ал біз болсақ әлі күнге дейін қолда бардың қадірін білмей келеміз. Алдағы уақытта ұлттық салт- дәстүрімізден сыр шертетін қазақы дүниелердің барын бағалап, жас ұрпақ жадында қайта жаңғыртпасақ, тақыр кілемнің де тарих сахнасынан жоғалары сөзсіз.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2014 г. 923 0