АҚШ-та оқып жүрген қазақ жастары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қатысты

Елбасы Н.Назарбаев төрағалық еткен Қауіпсіздік Кеңесінің тарихи отырысына «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқып жатқан 30-ға жуық қазақстандық студент қатысты, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Нью-Йорк, Бостон, Филадельфия мен АҚШ-тың басқа да қаларынан келген қазақстандық жастар оқу кестелері бойынша жоспар құрып, БҰҰ-ның аккредетациясынан өткен. Осылайша, студенттер 18 қаңтар күні «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» отырысының қатысушысы болды. Оңтүстік Калифорния (АҚШ-тың батыс жағалауындағы Лос-Анжелес қаласы) университетінің магистранты Мұғзар Санатұлы тарихи оқиғаның куәгері болу үшін 4 мың шақырымдық қашықтықтағы қаладан арнайы келген екен.

«Болашақ студенттеріне БҰҰ ҚК-нің тақырыптық дебатына қатысу бойынша бірегей мүмкіндік туды. Мен мұндай дәрежедегі отырысқа бірінші рет қатысып отырмын. Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің әрбір өкілі Қазақстан туралы жылы сөйлеп, менің елімді прагматикалық және бейбітшілікке ден қойған мемлекет деп атады. Осындай отырысты тікелей көру ерекше сезімді ұялатады. Бұл шарада бүкіл ғаламдағы антиядролық қозғалысқа Қазақстан өзінің үлесін қоса білді деп есептеймін», - дейді ол.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2018 г. 545 0