« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңіндегі дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауын түсіндіру және кеңінен талқылау мақсатында "Қамқор-Локомотив" ЖШС Қазалы Локомотив жөндеу зауыты мен "Қазалы-Келешек" ЖШС-інде еңбек ұжымымен кездесу болып өтті.
Кездесуге "Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы, "Қазалы-Келешек" ЖШС директоры Әліпбаев Талғат Әзімжанұлы, "Қамқор-Локомотив" ЖШС Қазалы Локомотив жөндеу зауытының бас инженері Алипов Раманқұл және теміржолшылар ұжымы мен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барасында сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы "Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан xалқына жолдауы жарияланады. Бұл жолдау бізді жаңғыру жолына жетелеп,ел рухын көтеріп,еңсемізді тіктеді. Міне, бүгін еліміздегі ақпарат құралдары "Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңіндегі дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Елбасы жолдауын таратып жатыр. Талпынысы тамаша, шарықтауының шегі жоқ жолдаумен танысып шықтым. Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолында келеді. Елбасының ел алдына қойған жаңа мақсаттары замана көшінен тыс қалмай, әлемдік аренадағы айбынды дамуымызды әрі қарай жылдамдатуды көздейді екен. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында реформалар жүргізілуде. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруы басталды. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы да қабылданды. Ел ішінде адами капитал сапасын арттыру арқылы руxани жаңғыруды жүзеге асыра отырып, цифрлық әлеуметтік-экономикалық дамуымызды күшейтсек, мемлекеттігіміз де нығая түсетіні анық. Осылайша, Қазақстан жолдауларда жүктелген тапсырмалар мен жоспарларды жүзеге асыру арқылы "Мәңгілік Ел" идеясында көзделген мақсаттарына қол жеткізуі тиіс. Бұл жолдау əрбір тұлғаны жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға жетелейді. "Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері"
- Еліміздің жаңа белестерге көтерілуінің нақтылы бағдарламасы. Саясаты сарабдал елдің қазынасы қыруар,болашағы баянды болады деген сенімдіміз."-деді. Сондай-ақ теміржолшылар ұжымы Көшбасшымыздың Жолдауын қолдап, ондағы міндеттерді іске асыруға көп болып жұмыла жұмыс жасайтындарын жеткізді.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |