« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Сырбойылық теміржолшылар ұжымы Елбасы Жолдауындағы жаңа 10 бағыттың бағдарын айқындауға мүмкіндіктер алды. Қызылорда облыстық филармониясында 300–ден астам теміржолшылар жиналған жиында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы түсіндірілді.
«ҚТЖ» компания басшылығынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ персоналдар бойынша Вице Президент Нұржан Жапарқұл, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының теміржол көлігіндегі персоналдарды бағалау және дамыту орталығының директоры Марал Марасилов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас менеджері Саян Сыздықов және Қызылорда көлік прокуроры Тимур Шуленбаев арнайы келіп кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынның модераторы «ҚТЖ-Жүк тасымалы»АҚ «ГП Қызылорда бөлімшесі» филиалының директоры,»Теміржол» партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Аманкелді Арысбаев болып, ашып жүргізді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице президенті Нұржан Жапарқұл Жолдауға қатысты баяндама жасап, Елбасы қойған 10 маңызды міндетке тоқтады. Оның ішінде теміржол саласына қатысты 4,7,9-шы бағыттарына толық талдау жасап, Елбасы берген тапсырмаларды орындауда Ұлттық компания «Батыс-Шығыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» 4 бірдей басым бағытпен транзиттік тасымалдауды көбейтудегі жұмыстарды жалғастыратынын, қазіргі таңда Қытай, Вьетнам, Европа сияқты 17 шет аймақтармен жұмыс жасап жатқандығы және болашақта көбейтетіні жайлы айта келе 2018 жылы транзитті жүктерді 17 млн тоннаға тасымалдау мүмкіндіктерінің барын айтты. Жолаушылар тасымалында да вокзалда, поездарда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын көтеруде және жылжымалы құрамды жаңартуда жұмыстар жүргізілетіні жайлы ойларымен де бөлісті. Жолдауда адам капиталын дамытуға арналған жетінші бағытына ерекше назар аударып,компания тарапынан жасалған игі бастамаларды айта келе теміржолшылардың жалақысының көтерілетінін тілге тиек етті.
Жиын барысында «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева Жолдауға қатысты партиялық тұрғыдан өз пікірін білдірді. Жолдауда жүктеген міндеттерді жүзеге асырудың, мақсаттарға қол жеткізудің жолдарын пысықтады.
Қызылорда теміржолшылар ұжымы Елбасы Жолдауын қолдайтынын айтып, мақсаты айқын маңызды құжатта көрсетілген талап-міндеттерді орындауда аянбай жұмыс жасай беретін айтып сендірді.
Көлік логистика инфрақұрылымын одан әрі дамыта беру теміржол үдерісіне серпін беретіні сөзсіз.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |