«АЛМАС ҚЫЛЫШ» ТАРИХИ ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ

Қызылорда облысының  Қылмыстық атқару жүйесі  департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің сауықжай ғимаратында  жазасын өтеушілер тарихи фильмді тамашалады.

Көрсетілімге сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу  бөлімінің  теологиялық оңалту тобының қызметкерлері және  облыс бойынша халық шығармашылығын дамыту продюсерлік орталығының  маманы С.Маханова қатысты. Мекемедегі жеңілдетілген жағдайдың №1,2,3 жасақтарындағы жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Қазақфильм» киностудиясы түсірген  «Алмас қылыш» атты тарихи фильм көрсетілді. Режиссер Рүстем Әбдрешев түсірген кинотуынды да Еуразия кеңістігіндегі қаһарлы Шыңғысхан құрған алып империя жеке ұлыстарға ыдырап, ел айырылып жатқан кезеңмен 15-ші ғасырдағы Керей мен Жәнібек құрған қазақ хандығының қалыптасу  кезеңі толық қамтылған  тарихи туындыны мекемедегі  215 жаза мерзімін өтеуші азамат айрықша қызығушылықпен тамашалап, ерекше әсер алды.


Ж.ІЛИЯС,

ЗК-169/5 мекемесінің 

САТЖЖ бөлімінің теологиялық

 оңалту тобының  инспекторы,

әділет кіші лейтенанты                                                                        

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2018 г. 573 0