« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы мемлекеттік бағдарламалардың орындаулын қадағалау мақсатында тиісті органдар басшыларымен бірге ауданға қарасты бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, олардың жағдайымен танысты.
Кездесу жеке кәсіпкер Бақыт Әбілтаевтың шаруа қожалығынан басталды. Бақыт Әбілтаев мал шаруашылығымен айналысуды 2013 жылы бастаған. 2014 жылы «Ауылшарушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ- нан «Береке» бағдарламасы бойынша қаржылай несие алып, кәсібін кеңейткенін және осы кәсіп арқасында 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғанын айтады.
Аталмыш топ сондай-ақ мал бордақылау кәсібімен айналысып отырған Елубай Шагдиевтың да қожалығында болды. Қожалық иесінің айтуынша кәсіпті «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алып бастаған. Отбасы мүшелерін қоспағанда аулдағы жұмыссыздар санын да қысқартуға септігін тигізіп отырған қожалық иесі Елубай бұл -мемлекет басшысының кәсіпкерлікті дамытуға жасап отырған қамқорлығының жемісі»,-дейді.
- «Мемлекет басшысы кәсіпкерлікпен айналамын дегендерге барлық мүмкіндікті беріп отыр. Осы мүмкіндіктерді біз тек орынды пайдалана білуіміз керек.Табыс тауып қана қоймай, елге пайда әкелуіміз керек. Алдағы уақытта жер алып, осы кәсібімді кеңейтіп, Елбасы биылғы Жолдауында атап өткендей өнімді экспортка шығару мәселесін қарастырып отырмын»- деді Елубай.
Шаруалар жұмысмен танысқан аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан мемлекет тарапынан мал шарушылығын дамытуға бағытталған бағдарламалар тиімділігін сонымен қатар саланың келешек дамуына негіз қалау үшін мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын мейлінше жандандыруды қажет ететіндігін айтып, шарулар еңбегіне табыс тіледі.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |