
Бүгін, 2018 жылдың 18 қаңтарында «Kazakh Touirsm» Ұлттық компаниясы» БАҚ өкілдеріне арнап пресс-таңғы ас ұйымдастырылып, оның аясында екі қабатты Red Bus автобустарында экскурсия өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар Ұлттық компания атқарған жұмыспен және оның жақын уақытқа деген жоспарларымен толық танысты.
Іс-шараның форматы қазіргі таңда бар астаналық туристік өнімдерді, мысалы екі қабатты «hop on-hop off» автобустардағы экскурсиялар мен «Astana CityPASS» бірыңғай туристік картасын көпшілікке танытты.
Пресс-таңғы ас барысында «Kazakh Touirsm» ҰК» АҚ Қазақстан шеф аспазшылар ассоциациясымен гастрономиялық туризмді бірігіп дамыту жөнінде және Astana CityPASS-пен туристік өнімдерді ілгерілету және цифровизация жөнінде меморандумдарға қол қойылды.
«Kazakh Touirsm» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Рашид Күзембаев Ұлттық компания қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, яғни маркетинг және ілгерілету, инвестиция тарту, құзыретті арттыру және бизнеске ақпараттық қолдау көрсету бойынша айтып, 2018 жылға жоспарымен бөлісті.
Рашид Күзембаев атап өткендей, «Kazakh Tourism» ҚР МСМ басшылығымен Қазақстанның туристік брендін ілгерілету бойынша бірыңғай саясатты қалыптастырмақ, бұл саясат қазіргі таңда Қазақстанның халықаралық туристік көрмелерге қатысуында жүзеге асырыла бастады.
Осылайша, осы жылы Ұлттық компания Алматы және Астана әкімшіліктерімен бірігіп, Қазақстанның ұлттық стендін шетелдік көрмелерде көрсететін болады. Көрмелердегі серіктес ретінде сондай-ақ ұлттық әуе тасымалдаушы, ірі қонақ үй желілері және өндірістік компаниялар болмақ.
Сонымен қатар, «Kazakh Tourism» Астананың 20-жылдығын тойлауда және Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізу іс-шараларына атсалысатын болады.
Атап айтсақ, Астананың 20 жылдығы аясында «Қазақстан – Ұлы дала елі» көрмесін ұйымдастыру, еліміздің 20 шыңы бойынша экспедиция және польшалық танымал саяхатшы Яцек Палкевичтің қатысуымен Жібек жолының қазақстандық бөлігі бойымен экспедиция өткізу жоспарлануда. Бұл экспедициялардың нәтижесі бойынша жаңа туристік бағыттар құрылатын болады.
Қазақстандағы Өзбекстан жылы шеңберінде Ұлы Жібек жолы бойындағы трансшекаралық турларды ілгерілетуге ерекше назар аударылмақ. Осылайша, 2017 жылдың желтоқсанында Өзбекстан Республикасының Туризм жөніндегі комитетінінң «Ұлттық туристік өнімді ілгерілету орталығы» МУК арасында тиісті Меморандумға қол қойылды. Туристік бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізілді, ортақ туристік бағыттар құрылуда. Қазақстандағы Өзбекстан жылын өткізу аясында бизнес форум және екі елдің туристік операторлары арасында «b2b» форматында кездесулер өткізілетін болады.
Компанияның жарнамалық қызметі тұрғысында интернет пен әлемдік БАҚ көздерінде ілгерілетуге ден қойылатын болады. Атап айтқанда, әлемге әйгілі TripAdvisor және Ctrip интернет сайттарында Қазақстанға келуге насихаттау жоспарланған.
Сонымен бірге, Қазақстан жайлы National Geographic журналының ағылшын тіліндегі арнайы нөмірі шығарылуға дайындалып жатыр.
Бұдан басқа, жақындағы Елбасының жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мүдделі мемлекеттік органдармен бірге заңнаманы жетілдіру, аймақтық инфрақұрылымдарды жақсарту және инвестициялық мүмкіндіктерді көтеру бойынша жұмыс жүргізетін болады.
Сондай-ақ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның Қазақстанның туристік брендін кәсіби басқару және осы салаға инвестицияларды тарту бойынша ұлттық операторы ретінде әрі қарай институционалдық нығайту бойынша жұмыс жалғаспақ.
Бұған қоса, «Kazakh Tourism» «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Қазақстанның киелі жерлері» жоспарын іске асыруға атсалысуда. Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып гид және экскурсия жүргізушілерді дайындау, ақпараттық материалдарды құрастыру мен оларды жеткізудің заманауи жолдары, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға, сондай-ақ киелі жерлер цифровизациясына бағытталған жобаларды іске асыру жоспарланған.
Бұл жобалардың мақсаты – халқымызға табиғатты аялау және кіші отанның әсемдігі, көрнекті орындары, дәстүрлері мен ұлттық рухани киелі орындары туралы білім бере отырып, Отанға деген патриоттық сезімін және сүйіспеншілігін арттыру арқылы ішкі туризмді дамыту.