Семинар өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Сәлімжан Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті және Қызылорда облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұжымдарымен кездесті.
Семинар барысында бас маман А.Сәлімжан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы мемлекеттік саясатының басымды бағыттарына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияның мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау шараларына тоқталды және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің зардаптарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, аталған кездесуде қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер, инфоргафика, слайд көрсетіліп, қойылған сұрақтарға заң шеңберінде жауаптар берілді.
Семинар қорытындысымен департаментінің бас маманы А.Сәлімжан қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шақырды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2018 г. 596 0