Жаңақорған ауданынан қарасты Билібай ауылының тұрғыны, №255 орта мектептің техникалық қызметкері Қайым Ердеулет жұмыстан тыс уақытта осындай тұлыптар жасаумен айналысады.
«Бұл тұлыптарды жасау үшін аңды етінен толықтай тазартып, 4 күн бойы тұзға бұқтырып қою керек. Содан кейін арнайы сымнан құстың болмаса аңның мүсінін жасап, кептірілген теріні соған кигізіп, ішін мақтамен толтыру қажет»- дейді 55 жастағы Ердеулет Қайым. Ауыл тұрғындарына 3-4 мың теңгеден сататын бұл тұлыптардың бағасы, үлкен сауда орындарында 10-15 мың деп тұрған көрінеді.