Аралда мол суды қауіпсіз өткізуге мән берілді

Аралда мол суды қауіпсіз өткізуге мән берілдіАудан көлеміне көктем айларында келетін мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында іс-шара жоспары бекітіліп, дайындық жұмыстары пысықталды. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Сырдария өзенімен келетін мол судың әсерінен көктем айларында су басуы мүмкін Арал ауданында 2 аса қауіпті учаскелер бар. Қазіргі таңда, оларға қайта қалпына келтіру, күшейту жұмыстары толықтай атқарылды. Аудан бойынша Сырдария өзенінің бойында орналасқан 7 ауылдық округ (Аманөткел, бекбауыл, Жетес би, Қаратерең, Бөген, Райым, Жаңақұрылыс) әкімдеріне тиісті тапсырмалар беріліп, келеңсіз жайттарға жол бермеу, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында барлық жағдайды жасау тапсырылды.Сырдария өзенімен келетін мол судың әсерінен су басу қауіпі төнген жағдайда жоғарыда аталған аса қауіпті учаскелердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы жануарларын Бекбауыл ауылдық округі, Құмбазар елді мекеніне көшірілетін болады. Көшіру жұмыстарына 15 техника, 30 ерікті жасақ жұмылдырылады. Жетес би ауылдық округіне қарасты Водокачка елді мекені де қауіпті учаскелердің бірі. Су басу қаупі төнген жағдайда елді мекеннің тұрғындары ауылдық округ орталығы Райым елді мекеніне шоғырланады. Көшірілуге бекітілген техника саны – 7, 30 адам жұмылдырылды. Бөген ауылдық округі бойынша су басу қауіпті учаскесі болып саналатын Қарашалаң елді мекенінің «Қарашалаң» көліне жақын орналасқан 9 үйде 63 адам тұрады. Олардың иелігіндегі мал басы 389. Қауіп төнген жағдайда халықты №75 орта мектеп ғимараты мен Қарашалаң мәдениет үйіне орналастыру белгіленген. 60 адамға дейін қабылдауға болады. Құтқару жұмыстарна 2 автокөлік жұмылдырылады. 
Қауіпті учаскелер орналасқан ауылдық округ әкімдеріне Сырдария өзені бойында орналасқан елді мекендердегі қауіптің алдын алу және тез арада шұғыл жұмыстар атқаруға, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, үнемі бақылауда ұстау міндеттері жүктелді. Су басу қаупі төнген жағдайда күш құралдарының дайын болуын ұйымдастыру жұмыстары тапсырылды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2014 г. 853 0