Жуантөбе ауылдық округі әкімінің есебі

Жуантөбе ауылдық округі, Алғабас елді мекені ауданымыздың үлкен ауылдардың бірі экономикалық дамудағы ауылшаруашылық, кәсіпкерлік білім, спорт саласында қарқынды дамып келе жатқан ауылдардың бірі.
Ауыл әкімі Ә.Бегайдаров 2017 жылғы атқарылған есебін берді. Ауылдық округ әкімі Бегайдаров Әділбек Тәліпұлы баяндамасын былтырғы кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысымен бастады. Содан соң жиналғандарды ауыл тынысымен хабардар етті.
Алғабас ауылында 555 отбасы, 3175 халық тұрады. Жуантөбе ауылдық округінде мәселелерінің барлығы дерлік шешілген. Ауыз судан, аяқ судан, жарықтан еш проблема жоқ. Мектеп, балабақша, мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілген.
2017 жылы жобалық құны 36 млн. 419 мың теңгенің жаңа Жуантөбе ауылдық округінің әкімшілік ғимараты, мемлекеттік-жекеменшік аясында «БЕТА и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ерболат Жылқайұлының жеке қаражатына жобалық құны 42 млн. теңгенің жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2018 г. 842 0