Шиеліде 2 айда 190 иесіз иттің көзі жойылды

Шиеліде 2 айда 190 иесіз иттің көзі жойылдыШиелі. Ата-бабаларымыз «Итті - жеті қазынаның бірі» деп жақсы бағалағаны баршаңызға белгілі. Ал, қазіргі таңда бұл үй жануарларын асырап отырған үй иелері дұрыс қарамағандықтан бүгінде иттер төрт түліктерге, тіпті адамдарға қарсы ұмтылуда.
Осындай әрекеттердің және адамдар мен малдарға отрақ паразитарлық ауру-эхинококкоз, лейшманиоз, құтыру ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыруға, бұралқы ит-мысықтарды жоюға өткен жылы 3 жылы 1млн. 200 мың теңге қаржы бөлінген. Соның нәтижесінде ауданда 1701 иесіз қаңғыбас ит ауланып, арнайы полигонда жойылды. Ал, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Базарбек Саховтың хабарлауынша бұл бағытқа биылғы жылға 858 мың теңге қаржы бөлініпті. Осы жылдың өткен екі айында 190 иесіз қаңғыбас ит жойылған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2014 г. 843 0