« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор Абсолютті жекпе-жек чемпиондығының (UFC) жеңіл салмақтағы чемпион титулынан айырылып қалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.
«Конор өз титулын ұзақ уақыт бойы қорғамағандықтан одан айырылып қалды», - деп жазды дереккөз.
Кеше Макрегордан босаған титул үшін енді ресейлік Хабиб Нурмагомедов және америкалық Тон Фергюсон таласады. Олардың жекпе-жегі Нью-Йоркте 7 сәуірде өтеді.
15 қаңтар күні ирландиялықтың чемпондық титулынан айырылуы туралы UFC басшысы Дан Уайт алдын ала айтқан болатын. Оның айтуынша, екі жыл бойы ешқандай жекпе-жек өткізбей, титулды ұстап отыру, басқа спортшыларға жасалған қиянат болады.
29 жастағы Макгрегор аралас жекпе-жектен 24 кездесу өткізді. Оның 21-інде (18-і алдын-ала) жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Макгрегор UFC-дағы соңғы жекпе-жегіне 2016 жылдың қараша айында шықты. Ол кезде америкалық Эдди Альваресті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |