« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Алматы қаласында шахматтан жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Қызылорда облысының құрама командасы 12 медаль олжалап (6 алтын, 5 күміс, 1 қола), жалпыкомандалық сында екінші орынды иеленді.
Бірінші орынды - Астана, үшінші орынды – Алматы қалаларының спортшылары еншіледі.
Жекелей есепте классика және рапид бойынша Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали қос-қостан алтын медальдарды жеңіп алса, Кәусар Али классикадан – алтын, рапидтен – күміс жүлделерге ие болды.
Рапид бойынша Сұлтан Аманжол екінші, Сақыпжамал Бармағамбетова үшінші орындарды иеленді. Ал Назерке Нұрғали блиц түрі бойынша ел чемпионатының үшінші алтынын жеңіп алды. Сондай-ақ, шахматтың осы түрінен Әсел Серікбай, Ақылжан Мейірханұлы және Сақыпжамал Бармағамбетова екінші орыннан көрінді.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |