
20-21 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисті, қаржы саласының құрметті қайраткері Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық турнир өтеді. Жарысқа тексеру комиссиясы, Ұлттық банк, Қорқыт Ата ҚМУ, қаржы және экономика басқармалары, Жалағаш ауданы, қаржылық бақылау комитеті, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, мемлекеттік кірістер, қазынашылық департаменттерінен құралған 9 команда бақ сынасады.
Ойын 20 минуттан екі кезеңде өткізіледі. Жарыстың жеңімпаз, жүлдегер командалары диплом, кубоктармен марапатталса, үздік бес ойыншыға естелік сыйлықтар беріледі.
Ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қаржы басқармасы.
Жарыс 20 қаңтарда сағат 9.00-де басталады, 10.00-де салтанатты ашылуы болады.