| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотталушы А., Т. және Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша, бөтен мүлікті ірі мөлшерде, пайдакүнемдік мақсатында далалық жерде жайылып жүрген, іс бойынша жәбірленуші Ә.-ның иелігіндегі 75 ұсақ малын жасырын ұрлап, сатып бас пайдаларына жаратып, жалпы құны жәбірленуші Ә.-ге 2 374 000 теңге көлемінде мүліктік зиян келтірген.
Аталған қылмыстық іс бойынша процестік прокурор мен сотталушылар арасында кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасалған.
Сот үкімімен сотталушылар ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 63 бабының негізінде бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп саналды.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |