
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында іс-шара өтті.
Аталған жиынға Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің әділет майоры М.Абубакиров қатысып, жеке құрамға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғысы, Этикалық кодексі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стардарттарын жеткізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Әділет майоры Марат Абубакировтың айтуынша, «Елбасы Н.Ә. Назарбаев: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» - деп атап өткен болатын.
Осы бағытта, мемлекетіміздің тағдыры үшін маңызды құжатында айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза және өз саласының білікті де білімді маманы болу тиіс! Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады» − деп қорытындылады.
Жиын соңында әскери қызметшілер мен қызметкерлер тақырып аясында көкейінде жүрген сауалдарын қойды.