МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Тұрғындар алдындағы аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев және ауылдық округ әкімдерінің есеп беруі Бұқарбай батыр ауылдық округінде өз жалғасын тапты. Ауылдық округ әкімі С.Байділдаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар барысымен және ағымдағы жылдағы жоспарланған жұмыстарға тоқталып өтті.
Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласы аясында 2017 жылы саябаққа Ұлы Отан соғысы және ауыл шаруашылығының ардагері Н.Даниловқа ескерткіш тақта қойылып, «Қойшығұл» жармасын қаздырушы Қ.Төлеубаевтың ескерткіші жаңартылып қойылды.
Ауыл экономикасының негізгі саласы мал шаруашылығы болғандықтан төрт түлік малдың басын көбейту және асылдандыру жұмыстарына аса көңіл бөлініп келеді. Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға бағдарламасы арқылы 3 адам 5 млн 400 мың несие алып мал шаруашылығымен айналысуда.
Сонымен бірге, жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың жеке қаражаты есебінен және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған жол бойы кешені іске қосылып, 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.
Ауылдық округте жасөспірімдер арасында ауылдық округ бойынша еркін күрес секциясы жұмыс жасайды. 85 бала қатысатын аталмыш спорт секциясынан спортшылар облыс, аудан көлемінде турнирлерге қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.
2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» акциясы арқылы «Байтабын» ЖШС демеушілігімен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолы дәлізінің Бұқарбай батыр ауылдық округіне кіре беріске арка салу жұмыстарын жүргізу, жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың демеушілігімен С.Байқадамов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы Бұқарбай батыр көшесінің оң жақ бетінің арығының ішін қайтадан қаздырып, темір шарбақпен қоршау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Кездесуге Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Ә.Қарлыханов және бірқатар аудандық мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2018 г. 456 0