«ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КҮЗЕТІНДЕ»

ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының 25 жылдығына орай жарыққа шыққан жаңа кітап осылай аталады. Саланың өткені мен бүгініне көз тастаған құнды дүниеде ел тыныштығын күзеткен Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің қырағы қызметі баяндалған. Кітап кейіпкерлері – ұзақ жылдар бойы қауіпсіздік саласында басшылық еткен тұлғалар, ардагерлер мен облыстық департамент мақтаныштары.
Жалпы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін өткен 25 жыл – даму мен қалыптасудың және тұрақты жетілудің жылы болды. Комитет құрылымындағы өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысты. Барлық реформаның түптеген мақсаты – жүктелген міндеттерді тиімді атқару, егеменді ел мүддесін қорғау. Қоғам мен мемлекеттің басты стратегиялық басымдылығы осы  – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шешуші де негізгі рөлі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктеліп отыр. «Қызылорда-Қанағаты» ЖШС баспаханасынан шыққан кітаптың елін-жерін сүйетін жас ұрпаққа берері мол. Себебі, тың тақырыпқа түрен салынған дүниеде департамент қызметкерлерінің отансүйгіштік бағыттағы тәрбиелік-насихаттық мәні зор даңқты жолы мен ерлігі тарқатып айтылған.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.










ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2018 г. 568 0