
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауларын жастар асыға күтеді.
Жолдауда айтылған мақсаттар мен алға қойылған міндеттерден ұлттың кемел келешегіне, бүгінгі жас ұрпаққа артылар ең үлкен міндет - сананың түзу жолмен қалыптасуы мен білімділік, жан-жақтылық жасампаз елдің жастарына тән екендігін ұғынамыз.
Елбасы Жолдауын насихаттау бағытындағы шараларға жастар да өз кезегінде үлесін қосуда.
Биылғы Жолдауда жастарға білім беру бағыты да нақты қозғалған.Бұл дегеніміз – жастардың білім алу мәселесі әрдайым Елбасы назарында екендігінің айғағы.
Сондай-ақ жастарға тән мәселелерді шешуде нақты қадам жасалатынының, жасала беретіндігінің көрінісі.
Ел келешегі жастар қай салада болмасын, үш тілді жетік меңгеруі қажет. IT білімді, қаржылық сауатты, ұлтжанды ұрпақтың бағындырар белесі мол болмақ.
Жасұлан Алдабергенов,
Облыстық «Жастар ресурстық орталығы»
КММ директоры.