« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжінде Елбасы Жолдауы талқыланды. Студенттердің қатысуымен өткен жиында басты құжаттың маңызы сөз болды. Ел тұтқасы – жастардың әрбір Жолдауға ерекше мән беруі, оны тек тыңдап ғана қоймай, шынайы іс жүзінде жүзеге асыруы, озық идеялы жастардың ертеңі біліммен еңселі екені атап өтілді. Сондай-ақ, шарада колледж директорының орынбасары Ғалымжан Мамытов жыл өткен сайын жастар саясатына ерекше көңіл бөлініп келе жатқанына, мемлекет тарапынан әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға, өскелең ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына септігін тигізуге арналған түрлі бағдарламалар қарастырылғанына тоқталды.
– Президент Жолдауында елді алға бастайтын он міндет көрсетілген. Соның ішінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік логистикасы, білім беруді өркендету, жастардың ІТ саласын игеруіне басымдық беріліп отыр. Қазір – техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның заманы. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген озады. Жүзеге асырылып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарылып жатқан қыруар істердің бәрі сіздер үшін, жарқын болашақ үшін жасалуда, – деді Ғ.Мамытов.
Жиын соңында қатысушылар пікірін білдіріп, толғандырған сауалдарына жауап алды. Дәстүрлі Жолдау оларға жаңа мақсат жүктейтіні, алдағы уақытта заманауи идеяларымен көш бастауға ұмтылдыратыны айтылды.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |