
2018 жылдың 15-23 қаңтар күндері аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кәсіподақ комитеті, "Сымбат" спорт клубы және "Нұр Отан" партиясы "Тұран" филиалының ұйымдастыруымен оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасында «Сергектік және денсаулық - 2018» дәстүрлі спартакиадасы бастау алды.
Сегіз күнге созылатын спорт додасында командалар спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шараға университеттің 500-ден аса оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері қатысады. Спартакиаданың жабылу салтанатында қатысушы спортшылар арнай дайындалған алғыс хатпен арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Спорттық сайыста шеберлігімен көзге түскен ойыншылар «Үздік баскетболшы», «Үздік тоғызқұмалақшы», «Үздік жүзуші», «Үздік футболшы», «Үздік волейболшы», «Үздік теннисші», «Үздік шахматшы» номинациялары бойынша марапатталады. Жүлделі бірінші орынды алған команда спартакиаданың ауыспалы кубогын иеленеді.