
Халыққа қызмет көрсету орталығының халыққа қалтқысыз қызмет еткен азаматы, білікті басшы, досқа жанашыр әріптес, сыйлас, өз ісінің білгірі әріптесіміз Бердіхан Исматуллаевты еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық ашық турнир өтті.
Бердіхан Лесханұлы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Қызылорда қаласының №1 бөлім басшысы болған. Адал әріптес, ақкөңіл дос сұм ажалдың құрығына ілініп, келместің кемесіне мінгеніне бір жыл толып отыр.
Бердіхан Исматуллаевтың өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай, әріптестері ХҚКО ұжымы мен жанашыр достары шағын футболдан турнир өткізді. Турнирге барлық аудандық, қалалық ХҚКО қызметкерлерлерінен құралған 9 команда және достары қатысты.
Шара тартысты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша ең жылдам да, тартысты ойын көрсеткен Жалағаш – Сырдария құрама командасы I-орынды, II-орынды Б.Лесханұлының жанашыр достар құрамасы жеңіп алса, III–орынды Орда командасы (1 қалалық бөлімі) иеленді. Жеңімпаздардың барлығы ақшалай сыйақымен марапатталды.
Алғаш рет өткізіліп отырған турнир жылда жалғасын таппақ. Турнирды жоғары дәрежеде өткізуге атсалысқан Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымына, Б.Лесханұлының достарына және де арнайы қолдау көрсеткен Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысылығы мен Қызылорда облыстық теларанасы басшылығына отбасы алғысын жеткізді.