Қызылордада 34 кәсіптік және дербес білім беретін ұйымдар бар

Қызылордада 34 кәсіптік және дербес білім беретін ұйымдар бар2013/2014 оқу жылының басына Қызылорда облысында 34 техникалық және кәсіптік білім беретін дербес ұйымдар жұмыс істеді. 47,1%-ы немесе 16 оқу орны мемлекеттік болып табылады, оларда 13437 адам оқиды.
Оқушылардың жалпы саны 25953 адамды құрады, оның ішінде 11839 адам немесе 45,6% - қыздар. 2012/2013 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 270 адамға азайған. Оқушылардың жалпы санынан 58,7% - негізгі орта білім беру негізінде, 40,9% - жалпы орта білім беру негізінде, 0,4% - кәсіптік лицей негізінде оқиды. Күндізгі оқу нысанында оқушылардың 80,6%-ы оқиды, кешкі және сырттай оқу нысандарында тиісінше 1,7% және 17,7%.
Мемлекеттік тілде оқитын оқушылар санының өсу үрдісі сақталуда - оқушылардың жалпы санынан 94,7% немесе 24566 адам (2012/2013 оқу жылының басына – 93,4% немесе 24504 адам) және орыс тілде 1387  адам немесе 5,3%.
Бітірген білікті кадрлар 7841 адамды құрады, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 15,4%-ға азайған. Мемлекеттік емтихандарға (диплом қорғауға) 7841 адам жіберілді, одан 506 оқушы үздік диплом алған, 4175 адам жалпы орта білім алды. Бітірушілердің жалпы санынан разряд немесе біліктілікті 7841 адам, соның ішінде белгіленген разрядты оқушылардың 7684 адам немесе 98%-ы, белгіленгеннен жоғарыны - 147 адам немесе 1,9%-ы иеленді.
Қызылорда облысында техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарында 1968 оқытушы мен 411 өндірістік оқыту шеберлері жұмыспен қамтылды, әйелдердің үлес салмағы тиісінше 1468 адамды (74,6%) және 186 адамды (45,3%) құрады.
Педагог қызметкерлердің жалпы санынан 1774 адам немесе 90,1%-ы оқу орындарының штатында тұрады, қызметті қоса атқарушылық шартымен 194 адам немесе 9,9%-ы қабылданды. 287 оқытушы мен 10 өндірістік оқыту шеберлерінде жоғары санаты бар, бұл олардың жалпы санынан, тиісінше 14,6% және 2,4% құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар ғимараттарының жалпы алаңы 2013/2014 оқу жылының басына 171,7 мың ш.м. құрады, одан 168,9 мың ш.м. немесе 98,4%-ы оқу орындардың жеке меншігі болып табылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 ақпан 2014 г. 949 0