Ақтөбе қаласында каратэ-додан әлем чемпионы Әшім Қалидың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Осымен 13-ші мәрте ұйымдастырылып отырған бәсекеге еліміздің барлық аймақтарынан 300-ге жуық каратэші қатысып, төрт күн бойы шеберлік байқасты.
Аталмыш жарыстан Қызылорда облысының спортшылары 16 жүлдемен оралды. 7 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль. Атап айтсақ, алтын медальді 10-11 жас аралығында өнер көрсеткен Бақдәулет Құбаш, Сымбат Әлайдар, 12-13 жас аралығында Марта Ким, Кемелбек Қабланбек, 14-15 жас аралығында Диана Досқали, Мөлдір Жаңбырбай (16-17 жас), Нұржан Ақпанбет (18 жас) иеленсе, күмісті Әсемгүл Ердәулет (10-11 жас), Азамат Сансызбай (14-15 жас), Қуандық Монтай (1-17 жас), Салтанат Исмайлова (18 жастан жоғары), қола медальді Әлішершәріп Қонысбек (12-13 жас), Әділет Төлеу, Нұрсұлу Жетербай (екеуі де 14-15 жас), Ақылбек Қожаберген (16-17 жас) еншіледі. Сондай-ақ, Мансұр Қали, Әділет Төлеу, Әділет Оралбектер командалық кумитэде үшінші орынға ие болды. Спортшылар облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, облыстық каратэ-до федерациясы және №2 облыстық олимпиадалық резерв мектебінде жаттығады.