Конференция өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Электронды қызмет көрсетуге көшу – жемқорлықты жоюдың басты құралы» атты конференция өткізді.
Конференцияда Департамент басшысы Абзал Сансызбайұлы Мұхимов аталған шараның мақсаты - мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдары қызметкерлерінің, білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерінің мемлекеттік қызметтерді ХҚКО бармай тек қана электрондық формада алуды, сондай-ақ баламалы мемлекеттік қызметтерді көрсетуде мемлекеттік қызметті алушылармен байланысуды шектеу қажет екендігін айтып өтті.
Шарада «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры 2017 жылы атқарылған жұмыстары және Е-gov электронды үкімет веб-порталын насихаттау және қолдану аясы туралы хабарлама жасады.
Сонымен қатар, Қызылорда облыстық Әділет департаменті, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қалалық білім бөлімі басшыларының 2017 жылы атқарылған жұмыстары және электронды қызметке көшуде жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындары студенттеріне электронды қызметтерді алуды насихаттау мақсатында ХҚКО-мен жүргізілетін құқықтық оқулары бойынша Департаментпен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және Қызылорда Болашақ университеті, Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты ректорларымен төртжақты меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттеріне құқықтық сабақ өткізілді.
Шараға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысып, қажетті сұрақтарына тиісті жауаптар алды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қаңтар 2018 г. 531 0