
Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаевтың төрағалығымен «Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжілісте «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Камалов Бақытжан Жарылқасынұлының аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында 2017 жылы орталық тарапымен атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Жиын соңында өңірдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына баса назар аударуды, аймақтағы теолог мамандармен жүргізілетін жұмыстарға жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу турасында тиісті тапсырмалар берілді.