Қармақшы аудандық сотында бір күнде сот медиациясымен 9 іс тоқтатылды

Қармақшы аудандық соты сот медиациясы институтын дамыту үшін қарқынды түрде жұмыс жүргізуде. Судья медиаторлардың көмегімен сот даулары бойынша шешімін тапқан істердің саны көбейіп, оң тәтижесін көрсетуде.
Қармақшы  аудандық сотының судьясы Лаура Алибекова бір күнде 9 азаматтық   істі  медиация  тәртібімен  тоқтатты.
Бұл істер талап қоюшылардың пайдасына 9 жауапкерден  қарыз ақшаны және мемлекеттік баж алымын өндіру жөніндегі  азаматтық  істері.
Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен келісілген шарттар бойынша  реттеуге  келісімге  келген.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 277 бабының 6) тармақшасында, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе, iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады  делінген.
Сондықтан осы заң талабына сәйкес, сот азаматтық істер бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, төленген мемлекеттік баж сомаларын талапкерлерге қайтарып,  азаматтық  істерді сот  өндірісінен  тоқтатты.  

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қаңтар 2018 г. 610 0