« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Астана тұрғыны Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы үшін жазаланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының Алматы аудандық сотына азамат Б. азамат К.-ның желіде оның қадір-қасиеті мен ар-намысына тиетін сөздер жазғанын айтып, моральдық зиян тигізгені туралы шағымданған.
Белгілі болғандай, 2017 жылдың маусым айында азамат К. «Мерседес» көлігімен арақашықтықты сақтамағандықтан азамат Б.-ның «Киа» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жол апатына айыпты деп танылған азамат К. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 611-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.
Содан кейін 2017 жылы қыркүйек айында азамат К. Facebook-тегі парақшасында Б. деген азаматты «көлігін қасақана соғушы» деген жазбасын жариялаған.
Сол себепті азамат Б. ар-намысына тиген азамат сотқа К-ның үстінен арызданып, моральдық зиянды өндіруді талап етті.
«Арызданушының ар-намысына тиіп, моральдық зиян келтіргені үшін азамат К-дан өтемақы өндірілді. Сондай-ақ, сот айыпталушыны Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасын жоққа шығаруға міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |