KASE: Теңге бағамы көтерілді

Дүйсенбі күнгі таңертеңгілік сессия бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 долларға 330,07 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
Жұма күнгі саудамен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,31 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 329,4 теңге, ал ең жоғарысы  330,3 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 22,3 млн долларды құраған.
Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 330,38 теңге, күндізгі сессияда - 329,74 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 330,13 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 229,55 млн долларға жеткен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қаңтар 2018 г. 509 0