ҚАРИЯЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің қолдауымен қала мешіттерінің жамағаты облыстағы қарттар үйінде болды. «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалы үлгідегі интернет үйінде» арнайы дастархан жайылып, оларға насихат айтылды.
ҚМДБ-ның өңірдегі жастар ісі секторының жетекшісі, қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Нұржан Пірәліұлы қатысушы қарияларға «Рухани байлық жан жадыратады» тақырыбында уағыз айтып, қарт кісілердің пікірін тыңдады. Сондай-ақ, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Ақбаев Әлішер «Исламдағы жақсылық жасау» тақырыбында насихат айтып, сауадарға жауап берді.
Өз кезегінде қариялар ұйымдастырушылар мен жамағатқа алғыстарын жаудырып, баталарын берді. Отырыс соңында қасиетті Құран оқылып, сауабы марқұмдарға бағышталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қаңтар 2018 г. 531 0