
Жаңа жыл қарсаңында Жаңақорған ауданында тағылымы мол шара өтті. Бұл шара белгілі ғалым, ақын, өнер зерттеушісі, қорқыттанушы Сейсен Мұхтарұлына 70 жыл және «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының бас редакторы, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редактордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарған белгілі журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Оразбек Мақсұтұлының өмірге келгеніне 60 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Шара аясында «Қорқыт сарыны» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті. Аймақтағы белгілі шығармашылық өкілдері елеулі еңбегімен ел есінде қалған екі азамат жайлы жылы лебіздерін жеткізді.