Жуырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Сырдария аудандық бөлімінің ашылғанына 10 жыл толды. Осыған орай салтанатты шара ұйымдастырылып, оған аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, аудан әкімі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып қатысты.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Ж.Жұмабаев мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы баяндап, алдағы міндеттерді атап өтті.