
Жаңа жыл қарсаңында Мәдениет және өнерді дамыту орталығында аудандық ішкі саясат бөлімі, «Қоғамдық келісім» КММ, «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандағы этнос өкілдерімен кездесу өтті.
«Бақ-береке – бірлікте» деп аталатын шара аясында еліміздегі бір шаңырақ астында бейбіт те берекелі өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің қоғамдағы белсенділігі мен қарапайым еңбектегі жеткен жетістіктері, абырой-беделі әңгімеге арқау болды. Аудан көлемінде этносаралық татулық пен бірліктің айғағындай мазмұнды да әсерлі шаралардың атқарылуына атсалысып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталса, сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» КММ, «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің атынан құттықтаулар мен сыйлықтар табысталды.