ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІПТІ ӨРІСТЕТКЕН

Көзін тапқан адамға кәсіпкерліктің пайдасы мол. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы бастамаға мемлекеттің қолдауы да ерекше. Осы мүмкіндікті  тиімді пайдаланып, кәсібін табыс көзіне айналдырып, тіршілік жасап отырған жандардың бірі аудан тұрғыны Рыскүл Қасымқызы. Алдымен «Әлішер» аралас сау­да дүкенін, одан бері тігін цехын ашып, халыққа қызмет көрсете бастаған кәсіпкер ана бүгінде отбасылық кәсіпке бет бұрып, бірнеше қызмет түрлерін үйлестіріп отыр.
Айталық, кәсіпкердің жұбайы Жиеней Тілеубергенов автокөлік сервистік орталығы арқылы қызмет көрсетсе, қызы Ақбота Тілеубергенова анасының тігін цехында дизайнер болып жұмыс жасайды. Ал тігін цехында халқымыздың ұлттық киімдері және ұлттық нақыштағы тұрмыстық бұйымдары жасалады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қаңтар 2018 г. 444 0