
Аймақтық «QYZYLORDA» телеарнасының ұйымдастыруымен онлайн дауыс беру арқылы «Үздік аудан» байқауы өткізілген еді. Байқау Жаңа жыл қарсаңында қорытындыланды. Нәтижесінде, Арал ауданы 4095 дауыс жинап, «Үздік аудан» атанды.
Бұл орайда облыстық телеарна дайындаған марапат «Жаңа күн»бағдарламасының тікелей эфирінде табысталды. Тікелей көрсетілімге аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов және жас термеші Нұрайым Ерталапқызы қатысып, өркенді өңірдің жаңа табыстары жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.