
Қаланың шет аймағында орналасқан Титов және Гагарин қыстағының тұрғындары енді арзан азық-түлік іздеп, қала орталығына қатынамайды. Өйткені жуырда ғана осы аумақтан «Аль-Асад» сауда үйі ашылды.
Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 1300 шаршы метр аумақта орналасқан сауда үйінде азық-түлік бағасы әдеттегіден 10-15 пайыз төмен бағада сатылады деп жоспарланып отыр. Ондағы мақсат – әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру. Айта кетсек, мұнда отандық өнімдерге басымдық берілген. Бүгінде сауда орталығында 30-ға жуық адам жұмыс жасайды.