СУ ТАСҚЫНЫ МЕН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАРДА ТҰРАТЫН ХАЛЫҚТЫҢ ЖАСАЙТЫН ІС ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІ

СУ ТАСҚЫНЫНА ДЕЙІН


– күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік өкілді органдардың рұқсаты бойынша салыңыз;

– қауіпті жерде уақытша тұратын орындарды жасамаңыз;

– азық-түлік, су, қажетті заттардың, дәрі-дәрмектердің және құтқару құралдарының қорын алдын ала қарастырыңыз;

– құжаттарды дайындаңыз, егер де жас балаларыңыз болса, оларға аты-жөні, туылған жылы және мекен-жайы көрсетілген бирка жасаңыз;

– өздеріңізге жақын орналасқан қауіпті орынды және оған жететін қысқаша жолды белгілеңіз;

– хабарландыру дабылдарына, гидрометео мәліметтеріне назар аударыңыз;

– жергілікті атқарушы органдарынан көшіру-жиналу пунктінің мекен-жайын анықтап алыңыз.


СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ КЕЗІНДЕ


– газ және электр қуаты көздерін сөндіріңіз, құнды заттарды қауіпсіз орынға көшіріңіз;

– электр энергиясының қосымша көздерін, алғашқы көмек көрсету құралдарын, су және азық-түлік қорын, радиоқабылдағыштарын, от жағу үшін спирттік плиталарды және дабыл беру үшін электршамдарын дайындап қойыңыз, автокөліктердің бактарын маймен толтырыңыз;

– егер уақытыңыз болса, үйіңізді (пәтеріңізді) қорғау шараларын (есік-терезелерді мықтаңыз, жоғарғы қабаттарға, үйдің төбесіне, шатырларға үй заттарын, ауыл шаруашылығы құралдарын, жем-шөпті қауіпсіз орындарға көшіріңіз) жасаңыз;

– электр құралдары мен желілерді, газды судан қорғауға шаралар қолданыңыз;

– көлікпен немесе жаяу болсын биік жерлерге орналасыңыз;

– басқару органдарының қауіпсіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындаңыз;

– көшіру туралы хабарды алысымен міндетті түрде көшіру-жиналу пунктіне барыңыз;

– пәтерден (үйден) шығар алдында өздеріңізбен бірге қажетті құжаттарды, құнды заттар мен ақшаларыңызды, бірінші кезекте қажет болатын заттарды және 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен суды алып шығыңыз;

– қауіпсіз аймақтарға жіберу үшін, осы аудандарда орналасқан көшіру-жиналу пункттеріне барыңыз;

– үйдегі малдарыңызға ен салып, көшіру-жиналу пункттеріне айдап келіп, жауапты адамдарға тапсырыңыз, малдар да қауіпсіз аймаққа көшіріледі;

– көшіру-жиналу пункттері әкімшілігінің барлық нұсқауларын орындаңыз.


СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ


– төмен орналасқан жерден тез арада кету қажет, егер су басқан ауданнан шыға алмасаңыз, жоғарғы қабатқа, шатырдың үстіне, биік ағаштарға орналасыңыз;

– басқару органдарының тиісті нұсқаулары келгенге дейін қауіпсіз орындарда қалыңыз;

– су ағынынан өз бетінше өтуге әрекет жасамаңыз. Су ағынының 15 см тереңдігі адамға қауіпті, ал 50 см тереңдігі әдетте көліктердің қозғалысын қиындатып, өте қауіпті болады;

– қолдағы бар құралдарды: пластикалық заттарды, резинадан жасалынған баллондарды, ағаштарды және т.б. пайдаланып, судан шығу амалын қарастырыңыз;

– көмек қажет болған жағдайда, үрейленбей, тыныштық сақтап, апат белгілерін (жалаушалар, көліктің дыбыс белгілері, оқ атыңыз, от жағыңыз) беріңіз;

– суда қалып қойсаңыз, үстіңіздегі ауыр киім мен аяқкиімдерді шешіңіз. Су баспаған учаскелерге ағын судың бұрышына туралап жүзу қажет, жүзу кезінде су астындағы және судың бетіндегі қауіпті заттардан сақтаныңыз;

– зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек қажеттігі кезінде, су мен азық-түліктің жоқтығы кезінде, жағдайдың кауіптілігі кезінде немесе құтқарушылардан көмек келетіндігі туралы күдіктенсеңіз, су басқан аумақтардан көшіру әрекеттерін жасау керек.


СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН


Өз үйіңізді мұқият тексеріңіз:

– фундаменттің тұтастығын;

– қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін;

– газ және электр жүйелерін;

– улы жыландардың болмауы мүмкіндігін;

– зақымданған электр, газ жүйелерін қосуды мамандарға тапсырыңыз;

– үйдің тұрақтылығына күдіктенсеңіз, үйдің ішінде қалмаңыз;

– азық-түліктің жарайтындығын тексеріңіз, суды қайнатып ішіңіз;

– ашық от көздерін пайдалану қауіптігін есте сақтаңыз;

– су тасқыны дүние-мүліктеріңізге үлкен шығын келтірсе, жергілікті атқарушы органдарынан көмек сұраңыз.


Жедел қызметтердің байланыс телефоны: 112.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қаңтар 2018 г. 1 271 0