Шиеліде мүгедектер еңбекпен қамтылады

Шиеліде мүгедектер еңбекпен қамтыладыШиелі. Ауданда жыл басынан бері 1 ғана мүмкіндігі шектеулі азамат №270 орта мектебіне тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл біз үшін төмен көрсеткіш. 
«Сондықтан аудан әкімінің міндетін атқарушы Болатбек Ысмағұлов аудан кәсіпкерлері мен мекеме басшыларын осы бағытта бірігіп жұмыс жасауға шақырды" деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Болатбек Әбдулхайысұлы бұл мәлімдемені мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау және өмір сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған «Жол картасының» орындалу барысы туралы жиналыста баяндады. 
Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Исабек Байкенжеевтің хабарлауынша қазірде аудан көлемінде барлығы 2418 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның ішінде 225-і еңбекке жарамды жаста. Бұған дейін 62 мүмкіндігі шектеулі азамат түрлі мамандықтар бойынша тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес ауданда нақты шаралар қабылданып, еңбекке жарамды 163 мүмкіндігі шектеулі азаматтың тізімі жасалды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 ақпан 2014 г. 877 0