Шиелі. Аудандағы Алғабас ауылында жеке кәсіпкер Ерболат Мәшірапин наубайхана ашты.
Бұл іске 5 млн. теңге қаржы жұмсаған кәсіпкер бүгінде оның жемісін көруде. Наубайханада күніне 1 000 дана нан шығарылып Алғабас ауылынан бөлек жақын маңдағы Бестам, Телікөл, Ақтоған ауылдарына да таратылуда. Сондай ақ, ауылда жүрген алты азамат жұмыспен қамтылды.