МҰЗ БЕТІМЕН ЖҮРУ ҚАУІПТІ

Қыс мезгілінде су айдындарында мұз бетімен жүру өте қауіпті. Көп жағдайларда тұрғындардың мұздың қалыңдығы мен ауа райының жағдайын ескермей өздерінің өміріне қауіп тудырып жатады. Әсіресе, су жағасына жақын қоныстанған елді мекендер азаматтары, оның ішінде балықшылар кез келген жермен жаяу немесе жүк тиелген көліктермен мұз үстімен өтуде.
Суда құтқару қызметі мамандарының жүргізген мониторинг барысында қысқы мезгілде облыс азаматтары көп жағдайларда судағы, мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындығы анықталуда. Кейбір тұрғындар тура жол ретінде мұз бетімен автокөлікпен зат тасымалдауға дейін баруда. Бұл құтқарушыларды алаңдатуда. Осындай жағдайлар көбінесе облыста балық шаруашылығымен айналысатын балықшылар арасында орын алуда.
Қазіргі таңда облыс аумағында жылы ауа райының қалыптасуына байланысты өзен арнасындағы мұздың қалыңдығы әлі де жұқа күйде. Осыған орай, қысқы уақытта су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Қауіпті мұз:
- Су ағатын жердің жанында;
- Қатып қалған қамысы көп жағаның жанында;
- Қардың қалың қабатымен басылып қалған мұз;
- Көпірдің астында, өзендердің ирелеңінде, ағыны тар жерлерде.
Сондай-ақ, түнде мұзды жермен жүруге болмайды және мұздың үстімен жалғыз жүруге тыйым салынады. Жұқа мұзбен жүру, шанамен, шаңғымен тік жарлы жағадан жұқа мұзға қарай сырғанау, мұздағы жарықтарға, ойықтарға жақындау, мұздың бөлек бөлігінде топталып тұру адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз.
Балық аулаймын деушілер болса онда алдымен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметіне барып, мұзда ұстау ережесімен танысқан абзал.
Абай болыңыздар, су айдындарында жүру қауіпті!
Қызылорда облыстық
төтенше жағдайлар департаменті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қаңтар 2018 г. 584 0