« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Казпошта мекемесінің ішінен 66 миллион теңге көлеміндегі қаржыны ұрлаған 50 жастағы азамат ұсталды.
Оқиға 2017 жылдың желтоқсан айының 17-нен 18-не қараған түні орын алған. Белгісіз адам Шиелі кентінде орналасқан Казпошта ғимаратының ішіне пластик терезін ашу арқылы жасырын кіріп, еденде жатқан шүберектен жасалынған қапшық ішіндегі жалпы сомасы 66 000 000 теңгені құрайтын ақшаны және макаров тапаншасын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалайды.
Жедел түрде іздестіру шаралары қабылданып, нәтижесінде Шиелі ауданының 1967 жылы туылған тұрғыны ұсталып, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағына сәйкес Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |