
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Жергілікті полиция қызметі және барлық аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп «Жолдағы сыбайлас жемқорлық белгілерін алдын алу мен оларды төмендету бойынша 10 қадам» жобасы бойынша және «Жолда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тұрақты акциясы өткізілді.
Акция барысында, аудан, қала көшелерінде, ірі сауда орындарындағы автотұрақтардағы, Шымкент-Самара тас жолының бойындағы азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы флаерлер, жүргізушілердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілген нұсқамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.