Apple басшысының 2017 жылы қанша табыс тапқаны белгілі болды

Apple корпорациясының басшысы Тим Куктың 2017 жылы 102 миллион доллар көлемінде табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Тим Кук 2017 жылы 3,06 миллион доллар жалақы мен 9,33 миллион доллар бонус алып, құны 89 миллион доллар болатын акция пакетін иеленді. Бұл сома жалпы 102 миллион долларды құрайды.

Macrumors басылымының хабарлауынша, Тим Куктың қазіргі дәулеті оған әлемнің кез келген түкпіріне жеке ұшақпен ұшып баруға мүмкіндік береді.

2017 жылы бас директор 93,1 мың долларға саяхаттаған еді. Мұнымен қатар, қауіпсіздік шараларына 224,2 мың доллар жұмсады. Қалған топ менеджерлер өздерінің дәулетіне 24,2 миллион доллар бонус пен акция қосты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 желтоксан 2017 г. 505 0